Дубайда жеңіл атлетикадан қыздар арасында Азия чемпионаты өтті.
Құрлықтық жарыс Қазақстандықтар үшін сәтті болды. Алина Чистякова чемпион атанса, Ирина Конищева күміс медаль иеленді. Сонымен қатар,бұл күндері Финляндияда шайболы хоккейден жастар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жаһандық додада Қазақстан құрамасы Чехияны ұтып тарихи жеңісіне қол жеткізді.