«Витебск» байқауының жеңімпазы, Гран-При иегері, Шерхан Арыстан елге оралды. Беларусьте өткен халықаралық байқауда 20-ға жуық елдің өнерпазы өнер көрсеткен еді. Қазақстанның атынан қатысқан Алматы облысының тумасы, жас талант ең жоғары 140 ұпайдың 140-ын иеленіп, үздік болды. Ет-жақындары мен өнердегі кішкентай достары Шерханды әуежайдан сән-салтанатпен қарсы алды.