Бүгін Елордада ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды. Тәуелсіз ел экономикасын құтайтқандар тізімінде Алматы облысы 4 мәрте аталды. Үздіктерді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады. «Қазақстанда бизнестің дамуына жан-жақты жағдай жасалды. Нәтижесінде тәуелсіздік жылдарында 1500 жаңа кәсіпорын іске қосылды. Заманға сай кәсіпкерлер шоғыры қалыптасты» деп атап өтті Президент.