Қарасайлық жолаушыларға қолайлы жағдай туындады. Бірінші сәуірден бастап Қаскелең қаласы ішіне екі бағытта қоғамдық көлік жол алды. Олар облыс аудандарының ішінде алғашқылардың бірі болып «оңай» жүйесіне көшіп отыр. Ал алып шаһар алматы мен екі аралыққа да қос бағытта автобустар тоқтаусыз қатынап жатыр.