Телевизияның орны әлі де төрде. Internews in Kazakhstan деректерінің статистикасына сенсек, қазір қазақстандықтардың басым бөлігі, нақтысында 58,1 пайызы теледидарға сенеді. 34,3 пайызы интернет сайттарына сүйенеді. Бұл туралы премьер-министрдің төрағалығымен өткен үкімет отырысында Ақпарат және даму министрі айтты.