Алакөл ауданы Көлбай ауылдық округіндегі дәрігерлік амбулатория ескірді. 3 мыңға тарта тұрғыны бар елді мекенде, аурухана мәселесі 20 жылдан бері шешілмей келеді. Былтыр облыс әкімі аудан тұрғындармен кездесуінде ауылының ақсақалы ел мұңын жеткізген. Биыл жаңа ғимараттың құрылысы басталды.