Қазақстанның үздік тауары. Астанада кәсіпкерлер арасындағы республикалық байқаудың қортындысы шықты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлерге Президенттің сапа саласындағы дәстүрлі «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарын табыстады. Бұған қоса «Үздік индустриялық, инновациялық жоба», Qazaqstan Project Management Awards-2023″, «Іскер», «Үздік тауар», «Ұлы дала елі», «Іскерлік кемелдік» және «ASMAR» конкурстарының да жүлдегерлері анықталды. Жетісу облысының кәсіпкерлері 4 марапатқа ие болды.