Балқаш ауданында күріш алқабындағы шабақтар құтқарылды. Себебі, күрішті суару тоқтатылып, орақ науқаны басталып кетті. Арықтардағы су да тартыла бастады. Шабақтар қырылып қалмауы үшін «Балқаш-Алакөл» балық шаруашылығы облысаралық инпекциясы жыл сайын күріш алқаптарындағы күзгі жиын-терін кезінде арнайы балық құтқару шараларын қолға алады.