Таза өлке! Осындай атаумен облысымыздың барлық өңірінде сенбілік шаралары жүріп жатыр. Айта кетсек, бір ай бойы жалғасатын игі бастамаға «Таза Қазақстан» республикалық акциясы себепкер. Демалыс күндері облыс орталығында өткен сенбілікке облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев те қатысты. Қала тұрғындарымен бірге ағаш егіп, тазалық жұмыстарын жүргізді.