Биыл Қазақстанда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл. Атаулы датаға орай Талдықорғанда алғаш рет «SENAT OPEN» шахмат турнирі өтті. Ақыл-ой бәсекесіне 100 ден аса қатысушы жиналған. Қатарында түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері, сондай-ақ қала мен аудан тұрғындары бар.