Шегіртке үшін шекара жоқ. Биыл жебір жәндіктердің Сарқан, Алакөл, Қаратал аудандарында көп шоғырланғаны анықталыпты. Тіпті Жетісудың бас қаласында да көбейгені байқалады. Әйтседе жауаптылар алаңдауға негіз жоқ дейді. Олармен күрес жұмыстары сәтті жүргізіліп жатыр деп сендіреді. Биыл шегірткеге қарсы 110 мың гектарға жуық жерге химиялық өндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұған бюджетттен 370 млн теңге қаржы бөлініпті.