Бүгін Талдықорғанда «Аймақтағы әлеуметтану» тақырыбында республикалық семинар өтті. Алқалы жиынға еліміздің 10 өңірінен мамандар шақыртылған. Бас қосуда бұқараның әл-ауқатын зерттеу жұмыстары қалай жүргізілетіні айтылды. Сондай-ақ елдегі саяси өзгерістерге сараптамалық талдау жасау жолдары көрсетілді.