Алматы облысының дәрігерлері 850 грамм болып туылған нәрестені аман алып қалды. Бұл жалғыз жағдай емес. Қазір баланы шала туу дерегі көбейген. Мәселен, Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының перинаталды бөлімінде соңғы 2 айда 66 бала шала туылған.