Жақсының аты өлмейді. Биыл дауылпаз ақын, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалінің иегері, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі Есенқұл Жақыпбектің туғанына 70 жыл. Айтыскердің мерейтойы қарсаңында Алматы облысы Қарасай ауданында еске алу кеші өтті. Шараға ақынның жұбайы, мәдениет саласының майталмандары, аудан тұрғындары мен мектеп оқушылары қатысты.