Бүгін Мәжіліс депутаттары жалпы отырыста бірқатар маңызды мәселелерді қарады. Атап айтсақ, бюджет кодексінің жобасы бойынша қорытынды әзірленіп, Ата заңымыздың нормаларына сәйкестендіру үшін бірқатар заңнамалық актілерге толықтырулар мен өзгерістер енгізілді. Мемлекеттік корпорацияға қатысты заң жобасы қаралып, азаматтардың жеке деректерінің қауіпсіздігі, корпорация қызметкерлерінің статусы мен қызмет сапасы сөз болды.