Алматы облысындағы жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станциясы қазан айынан бастап толыққанда іске кіріскен. Оның жұмысымен облыстық мәслихат депутаттары танысты. Мамандардың сөзінше, күнделікті бұл орталыққа жедел көмек сұрап 3-4 мыңға жуық қоңырау түседі.