Жетісу облысы, Достық стансасында ірі мультимодальды теміржол көлігі-логистикалық орталығы ашылды. Қуаттылығы жылына 450 мың контейнер өткізуге арналған. Қазақстан мен Қытай және Еуразияның елдері арасында жүктерді тиімді және жылдам тасымалдауға қауқарлы. Жоба мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, көлік-логистикалық саласын арттыру мақсатында жүзеге асты.