Кәсіп түбі – нәсіп. «Табысты отбасы» жобасымен екі тігін мәшине алып, кәсіп бастаған Аида Баймұханбетова, бүгінде үлкен табысқа қол жеткізіп отыр. Ескелді ауданының тұрғыны тынбай еңбектеніп, таяу болашақта ісін кеңітсем деген жоспармен жүр. Мемлекеттен қолдау тапқан кәсіпкер кірісі өзінен асып, өзгелерге де пайдасы тигенде ғана жаным жай табады деп отыр.