Бұдан былай елімізде ұстаздар күні мерекесі 5-қазанда аталады. Бұған дейін қазанның бірінші жексенбісі болған кәсіби мереке дүниежүзілік мұғалімдер мерекесімен сәйкестендірілді. Мереке аясында Астанада алғаш рет республикалық ұстаздар съезді өтті. Еліміздің түпкір-түпкірінен 700-ден аса педагог шақырылған шараға республика президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты.