Елімізде техникалық байқау станциялары жұмысына лицензиялау үрдісі енгізілуі мүмкін. Ішкі істер министрлігі сала операторларының жауапкершілігін арттыру жолдарын қарастырып жатыр. Оған себеп: көлігіне «жүрдім- бардым» қарайтындар көп. Жыл басынан ақауы бар көлікпен жолға шыққан 7,5 мың жүргізушіге айыппұл салыпты. Бірақ, бұл жағдайды түзетуге әсер ете алмаған сыңайлы.