Балалы үй базар. Енді елімізде баласыз отбасылардың саны азаяды. Соның дәлелі Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі есебінен қаржыландырылатын «Аңсаған сәби» бағдарламасы. Биыл осы жобаның арқасында республикамыз бойынша 5000 сәби дүниеге келген. Арнайы жоба іске қосылғалы 20 мың әйел жасанды ұрықтану қызметін алған. Бұл емшара 18 ден 42 жасқа дейінгі адамдарға жасалады