Гір көтеру спортынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Жұмахан Күзбаев әлем біріншілігіне дайындалып жатыр. Дүниежүзінің 6 мәрте чемпионы биылда бабында. Ел ішілік іріктеу турнирінде топ жарған ол жаһандық жарыста да Қазақстанның көк туын көкте желбіретсем дейді.