Бір әулет. 17 ұстаз. Еңбек өтілі 500 жыл. Көксулық Нұрғабыловтар әулеті үшін ұстаздар күні айрықша мереке. Айтулы күнде жылма-жыл Көксу ауданындағы негізгі мерекенің төріне шығып жүр. Бұл жолы да дәстүрлі шараға ауданның құрметті азаматтары мен ұстаздар отбасының әріптестері және шәкірттері шақырылды. Олар ұстаздар әулеті жайында әдемі әңгіме өрбітті. Нұрғабыловтар династиясы үлкен. Аталары бастаған, ұл-қыздары қостаған. Бүгінде тіпті, күйеу бала, келіндері мен немерелері де ұстаздық мамандықты игерген.