«Таза Қазақстан» акциясы жүйелі. Жетісу облысы аудан-қалаларында жоспарлы істер талап үдесінде атқарылып жатыр. Мәселен, Кербұлақ ауданындағы кезекті сенбілікте 20 техника жұмылдырылды. Қоршаған орта тазалығына үлес қосқан Кербұлақтықтар өз алдына. Нәтижесінде аудан аумағынан 136 тонна қоқыс шығарылды. Сарыөзектегі орталық саябақта 300 түп көшет егілді. Тазалық – саулық кепілі. Сондықтан, жетісулықтар игі бастаманы жауапкершілікпен қолдап жатыр.