Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында өз еліне адал қызмет етіп, кез-келген жағдайда халқына қолдау көрсетуге дайын азаматтар бар. Солардың бірі — Ғалымбек Кәкім. Талдықорған қаласы 18 404 әскери бөлімінің аға лейтенанты, су тасқынынан зардап шеккен БҚО барып, көмек қолын созды. Бүгінгі мерекелік кейіпкеріміз әскери қызметкер жайлы болмақ.