Көксу ауданының бір топ тұрғыны, Өскемен – Алматы бағытындағы күре жолды жаппақшы болды. Оған себеп жер дауы. Жамбыл ауылының тұрғындары қорадағы төрт түлігін қайда жаярын білмей наразылыққа шыққан. Ал ауыл маңындағы жерлер кәсіпкерлердің қолына өтіп кеткен.