Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын қалалық деңгейге көтереміз. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Шеңгелді ауылдық округіне жұмыс сапары барысында айтты. Марат Сұлтанғазиев елдімекенге қарасты бірқатар әлеуметтік маңызды нысанды аралады. Білім беру, медицина, сонымен қатар сумен қамту мекемелері мен өндіріс орындары жұмысымен танысты.