Мұғалім тапшылығын желеу етіп, мектепке кез келген адамды жұмысқа ала беруге болмайды. Бұл жайлы VIII сайланған ҚР Парламенті бірінші сессиясының отырысында Мемлекет басшысы мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайымынша, мұндай әрекет ұстаздардың біліктілік деңгейін күрт төмендетеді. Сол себепті, Президент мұғалім даярлау ісін жетілдіру үшін нақты шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.