Мереке қарсаңында мерейлі жаңалық. «Жетісу» телеарнасының арнайы редакторы Надежда Белова Мәдениетаралық және этносаралық бірлікті нығайту бойынша әдебиет және журналистика саласындағы үздік жұмыстар үшін берілетін тұңғыш сыйлықтың иегері атанды. Арнайы сыйлықты Астанада еліміздің Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен ҚХА төрағасының орынбасары Марат Әзілханов тапсырды.