Мереке қарсаңында мерейлі жаңалық. «Жетісу» телеарнасының арнайы редакторы Надежда Белова Мәдениетаралық және этносаралық бірлікті нығайту бойынша әдебиет және журналистика саласындағы үздік жұмыстар үшін берілетін тұңғыш сыйлықтың иегері атанды. Арнайы сыйлықты Астанада еліміздің Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен ҚХА төрағасының орынбасары Марат Әзілханов тапсырды. Тілшімізді тыңдалық.2 жылда бір берілетін арнайы сыйлық мемлекет басшысының бастамасымен тағайындалған. Биыл 14 аталым бойынша 70-тен аса авторлық жұмыстар мен жобалар ұсынылған. Ел бірлігін нығайтудағы үздік интернет жобада Динара Мыңжасарқызы лауреат атанса, телеарнадағы үздік жоба аталымын әріптесіміз Надежда Белова иеленді.