Бірінші мамыр халықтар бірлігі күнінде бес мың түп ағаш отырызылды. Бұл игі бастаманы көтерген Іле ауданы Байсерке ауылы маңында орналасқан, балмұздақ шығаруда аты әйгілі «Шин-Лайн» компаниясы. Қоршаған ортаға қормал болғысы келгендер өндіріс ошағына іргелес аумақты абаттандыруға және көгалдандыруға білек сыбана кірісті. Игі шараға вице-премер Бақыт Сұлтанов пен облыс әкімі Қанат Бозымбаев та барып қатысты.