Республикалық «Таза Қазақстан» акциясының «Мөлдір бұлақ» апталығы Жетісу облысында жалғасып жатыр. Науқанға аймақтағы 20 мыңға жуық адам қамтылып, 50 экологиялық шара жоспарланған. Акция барысында тұрғындар өзендер маңына сенбілік жұмыстарын жүргізіп, бұлақ көздерін ашуда.