Мүгедектерге арналған тұраққа өзге азаматтардың көлік қоюына тыйым салынады. Бірақ кейбір жүргізушілер бұл ережені ескермейді. Осыған байланысты Талдықорғанда жол патрульдік полициясы рейд өткізді. Аясында заң бұзған 2 темір тұлпар иесіне хаттама толтырылды.