Ел аумағында тұмау мен жіті респираторлық вирустық инфекцияға қарсы вакцинация жұмыстары басталды. Ал Алматы облысында бұл сырқат өршіп тұр. Сондықтан, Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында аурудың алдын алу шаралары кеңінен насихатталды. Мекеме мамандары тұрғындар үшін арнайы шара ұйымдастырып, аталған вирустардың қаншалықты қауіпті екенін түсіндірді.