Қонаевта ер азамат 7 метрлік су резервуарына құлап 1 тәулік жатқан. Абырой болғанда аман-есен. Құтқару жасағы қызметкерлерімен шығарылып, дереу ауруханаға жеткізілген. Жеңіл дене жарақат алған адамға медициналық көмек көрсетіліп, бүгінгі күні үйіне жіберіліпті. Бұл оқиға туралы облыстық мәслихат депутаты Әсел Заирова дабыл қағып жауаптылармен мониторинг жүргізді.