Қонаевтағы көпсалалы ауруханада травматология және нейрохирургия бөлімінің ашылғанына жылдан асты. Осы уақыт аралығында дене жарақаттары бойынша дәрігерлер 400 -ден аса операция жасаған. Олардың айтуынша соңғы уақытта дене жарақатымен ауруханаға түсетін науқастар саны ұлғайып барады.