Жастар – ұлт болашағы. Ал олардың тұлғалық қасиеттерін дамытып, тәрбиелеуде ұстаздардың рөлі аса маңызды. Сондықтан, әр мұғалім күнделікті тұрғыда ел болашағы үшін қалтқысыз еңбек етеді. Осы орайда Алматы облысының жастар ресурстық орталығының өкілдері Қонаевтағы көпсалалы колледж ұстаздарын төл мерекесімен құттықтады. Оларға жылы лебізін білдіріп, алғыс хат табыстады.