Қонаевта жағажай самбо күресінен алғашқы Қазақстан чемпионаты өтті. Әйелдер мен ерлер 8 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Командалық есепті қосқанда балуандар 11 медаль жиындығын сарапқа салды. Топ жарғандар тамызда Доминикано республикасында өтетін әлем біріншілігіне жолдама алады.