Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Республика күні қарсаңында Текелі қаласында сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық науқанына қалалық төтенше жағдайлар бөлім қызметкерлері мен №5-ші өрт сөндіру бөлімінің мамандары қатысты. Аясында, саябақтар мен арық желілері тұрғын үйлер мен қала көшелері қоқыстан тазартылды. Сондай-ақ, сала мамандары бірқатар әлеуметтік осал топ санатындағы отбасына улы газ бен түтінді анықтайтын датчик орнатты. Одан бөлек, жеке тұрғын үй иелеріне өрт қауіпсіздігін алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.