Ер есімі ел есінде. Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылындағы №49 мектепте Аслан Айтбаев атындағы сынып ашылды. Естеріңізге сала кетсек осыдан 5 жыл бұрын Қызылорда облысында Ми8 әскери тікұшағы құлап, 13 адам қаза тапқан еді. Сол қатарда Асланда бар. Бүгін арда азаматтың аты ұлықталды. Өзі оқыған мектепте алғашқы әскери дайындық сыныбына есімі берілді.