Ғылым мен өндірісті ұштастыру — заман талабы. Қазір ауыл шаруашылығы саласында мол өнім алу үшін күн астында қара тер болып еңбек ету жеткіліксіз. Жаңа, үздік технологияны пайдалану маңызды. Бұны дала еңбеккерлері де мақұлдап отыр. Қызылша себудің тың әдістерін меңгеру үшін бүгін Жетісулық шаруалар Көксу ауданында егіс басында бас қосты. Жерді-күтіп-баптаудың озық үлгілерімен танысты.