Облыс біріншілігі паражүзушілер арасында 3-ші рет өткізіліп отыр. Қатысушылар мүгедектігіне қарай өзара бірнеше топқа бөлініп жарысқа түсті. Олар 50, 100 метр қашықтық бойынша еркін және шалақалап жүзу әдісімен кіл мықтыны анықтап жатыр. Турнир спортшылар үшін маңызды. Өйткені үздік шыққандар облыс құрамасына алынып, Қазақстан чемпионатына жолдама алады. Ел ішілік турнир Таразда маусымның 17 күні жалуын желбіретеді.