Бүгін алаштың ардақты перзенті, ұлт көсемі Дінмұхамет Ахметұлы Қонаевтың туған күні. Айтулы тұлғаны туған елі, Балқаш жұрты сағына еске алды. Алматы облыстық мәдениет басқармасының мұрындық болуымен «Тұғыры биік ұлы тұлға» атты еске алу кеші өтті. Игі шараға Қонаев танушылармен бір қатар зиялы қауым өкілдері қатыстып, ұлы тұлғаның рухын ұлықтады.
«Жетісу» телеарнасы 1999 жылы 28 сәуірде Алматы қаласында құрылды. Бастапқыда телеарнаның өз алдына жеке хабар тарату сигналы болмады. «Қазақстан» ұлттық арнасының эфирі арқылы аптасына бір сағат хабар таратты. 2003 жылы 19 мамырда №0001898 лицензиясын алып, дербес эфирге шықты.