Тадықорғанда жасөспірімдер арасында еліміздің мәдениет және спорт министрілігінің кубогы үшін республикалық жарыс өтті. Оған Қазақстанның барлық аймағынан 400-ден аса атлет қатысты. Айта кетейік, бұл турнир спортқа дарынды балаларға арналған мектеп интернат колледждерінің оқушыларын қамтып отыр. Олар 5 күн бойы 5 спорт түрі бойынша ком андалық есепте сайысқа түсті. Жетісу облысының өренері үшін бәсеке сәтті болды. Жерлестеріміз алдына ала кездесулерінде қарсыластарын түгел ұтып финалға шықты Шешуші кезеңде Астанадағы Қажымұқан Мұңайтбасов атындағы спорт мектеп коллеждінің құрамасымен бас жүлдені сарапқа салды.