Талдықорған өңірлік әйелдерді қорғау орталығы «осал мигранттарды қорғау» жобасын бастады. Бастама ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап қолға алынған. Норвегия Корольдігі сыртқы істер министрлігінің қаржылай қолдауымен орталық Азиядағы көші-қон қызметінде әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылып отыр. Жалпы ұйым 25 жылдан бері жұмыс істейді. Негізгі қызметі тұрмыстық зорлық-зомбылықтан, адам саудасынан зардап шеккен жандарға заңдық тұрғыда көмектесу.