Талдықорғанда жасыл желекті суарумен 6 компания айналысып жатыр. Күннің күрт ысуымен олар күшейтілген тәртіппен жұмыс істеуге көшкен. Суарылатын жер де, құйылар су мөлшері де көбейтілді. Дегенмен тұрғындар тарапынан айтылар сын аз емес. Қураған ағаш, гүл-шөп шаһардың әр бөлігінен көзге түседі.