Есік көлі тағанын қайраңдаған құмды тазалау жұмыстары тез арада қолға алынуы тиіс. Болмаса көлге жеткілікті су қоры жиналмай отыр. Бүгін Еңбекшіқазақ ауданында өткен сенбілік шарасында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев осылай деді. Ал «Таза Қазақстан» акциясы «Мөлдір бұлақ» апталығы аясында қандай жұмыстар атқарылады?