Жетісуда тазалық жұмыстары жауапты жүріп жатыр. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Кербұлақ ауданына қарасты Шанханай ауылында да сенбілік өтті. Ауыл тұрғындары себелеген жаңбырға қарамай, Шоқан Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемориалды музейінің ауласын абаттандырды.