Алты айда 6 адам пойызға соғылып, үшеуі мерт болды. Алматы облысында темір жолдың руқсат етілмеген тұсынан өтетін жүргіншілердің аяғы тиылмай тұр. Ал пойызға соғылып мерт болатын мал басы да күн санап артып келеді. Жол қауіпсіздігіне жауапты мамандар осылай деп дабыл қағуда.