Биыл алғаш рет педагогтардың кәсіби мерекесі 5-қазанда атап өтіліп жатыр. Өңір жастарына әрдайым қолдау көрсететін Алматы облыстық жастар ресурстық орталығы бұл жолы да қалыс қалмады. Аудан мен ауыл, қаладағы жас ұстаздардың басын қосып, құрмет көрсетті.